• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

2023-03-10 | Жаңалықтар

🔹Бүгін Шәкәрім Университетi Филология факультеті Шетeл тiлдерi кафедрасы ағылшын және түрік тілдері оқытушысы Динара Копжасаровнаның жетекшілігімен “Шет тілі: екі шет тілі”, “Аударма ісі” ББ бағдарламасы бойынша оқып жатқан 1,2,3 курс студенттері Восточный кентіндегі 47-ші мектепке өз еріктерімен барып,2-9 сынып арасындағы оқушыларға ағылшын тілі курсын ұйымдастырды.👩🏻‍🏫🇺🇸

🔹Мектеп оқушыларына жас мамандардың сабақ беру әдістері ұнап, сабаққа белсене қатысып отырды. Университет студенттері демалыс күніне қарамай,алтын уақыттарын бөле отырып, бiр оқпен екі қоянды атты.Әлеуметтік сағаттарын өтеп қана қоймай,әрі тәжірибе жинақтап қайтты.Жас мамандарды үлкен еңбек жолындағы жасаған алғашқы қадамдарымен құттықтап, сәттілік тілейміз!💐👏🏻

Бөлісу