• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

”ШӘКӘРІМ АРУЫ-2023”

2023-04-09 | Құттықтау

🔹”ШӘКӘРІМ АРУЫ” байқауы жыл сайын “Қазақстан студенттерінің альянсы” ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.Оған университетіміздің әр факультеті мен Шәкәрім жоғарғы колледжінен келген арулар қатысады.
Негізгі талаптары:
•бойдың 165см-ден асуы
•сырт келбеттің сұлу болуы
•салмағы 55кг-нан жоғары болмауы
•Шәкәрім университетінің студенті болуы

🔹Міне,осы жылы да “ШӘКӘРІМ АРУЫ-2023”сұлулық байқауы орын алды. Әдемілердің әдемісін анықтайтын іс -шара 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа ақылына көркі сай 6 ару қатысты. Олар таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап, дефиле сынды кезеңдерде өз бақтарын сынады.Қыздардың сұлулығымен қатар ақыл-ойы да сарапқа алынды.

🔹Филология факультетінің намысын қорғап шыққан сұлуымыз- Пернебек Назерке! Қазақ тілі мен әдебиеті ББ бағдарламасының 1-ші курс студенті -Назерке бүгінгі сайыста өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленді.Шығармашылыққа жаны жақын аруымыздың өнері әділқазылар алқасының көңілінен шыққаны айдан анық!

🔹Сұлулық байқауының нәтижесін сараптай келе,
🥇орын Инженерлік-технологиялық факультетінің студенті -Ғабдығалымова Ажарға;
🥈орын Гуманитарлық - экономика факультетінің студенті -Смайлханова Аяжанға;
🥉орын Филология факультетінің студенті -Пернебек Назеркеге берілді.

🔹”Қазақстан студенттерінің альянсы” ұйымының жетекшілігімен ұйымдастырылған “ШӘКӘРІМ АРУЫ-2023”байқауы осымен тәмәм.Жоғары деңгейде жасалған бұл іс -шара көпшілікке ұнағаны сөзсіз.Барша сұлу аруларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.Нағыз әдемілік пен нәзіктіктің символы болып,күндей нұрланып,айдай жарқырап жүре беріңіздер!
@nazerke_ussenkyzy

Бөлісу