• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2023-04-06 | Ғылым

🔹2023 жылдың 27-28 наурыз аралығында Абай облысы Аягөз ауданына қарасты мектеп мұғалімдерінің қатысуымен "Тілдік пәндер циклі бойынша орта мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

🔹Семинар ҚР ҒжЖБМ-нің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында "AP14871008 КӨПТІЛДІ ЖӘНЕ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМ БЕРУШІЛЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ" тақырыбы бойынша өткізілді. Ғылыми жоба жетекшісі - ф.ғ.к., шет тілдер кафедрасының профессоры Исмаилова Гайнигул Кабидуллиновна.

🔹Семинардың мақсаты: тілдік пәндер циклі  бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды оқу үдерісіне енгізуді  жандандыру, орта мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша   пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру.

🔹Семинарда модератор, п.ғ.к., шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Григорьева Галина Борисовна "Формирование функциональной грамотности учащихся средней школы на уроках по предметам языкового цикла", "Организация работы по формированию навыков читательской грамотности",  спикерлер: PhD доктор, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Турикпенова Айгуль Жумановна "Тілдік пәндер (қазақ және түрік) циклі бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру", филология магистрі, шет тілдер кафедрасының  оқытушысы Кенжина Шугыла Макановна "Шет тілі сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыптары бойынша әдіс-тәсілдер жайлы тренингтер өткізіп, кері байланыс жасады.

🔹Семинар барысы онлайн-сауалнамаларға жауап берумен, пікір алмасумен, жағдаяттық тапсырмаларды орындаумен жалғасты. Семинарға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап алмасты. Семинар соңында шығармашылық жұмыстар орындалып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

✍🏻 PhD доктор, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Турикпенова Айгуль Жумановна

Бөлісу