• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Мемлекеттік тіл-менің тілім"

2023-02-24 | Жаңалықтар

2023 жылдың 24 ақпан күні Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тіл-менің тілім" атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Филология факультетінің өзге ұлт өкілдерінен құралған студенттері қатысты. Студенттеріміз өзге ұлт өкілдері болса да, қазақ тіліне деген құрметі мен қызығушылықтарын көрсетіп, дөңгелек үстел барысында өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп белсенділік танытты.

Іс-шара жоспары бойынша бірінші студенттерге экскурсиямен басталды, артынша дөңгелек үстел ой бөлісумен жалғасты, студенттерді қызықтыру мақсатында векториналық сұрақтар қойылып, студенттерді арнайы дайындалған  сыйлықтарымен марапаттады. 

Бөлісу