• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ТӘМСІЛ ӘҢГІМЕЛЕР ТАРИХЫ

2023-03-10 | Жаңалықтар

Бүгін Абай музейінің аға ғылыми қызметкері, жазушы Қуат Қиықбайдың шығармашылығына арналған «Тәмсіл әңгімелер тарихы» атты кездесу Шәкәрім университетінде өткізілді.

Кездесуде музей маманы өзінің жазған туындылары мен шетел жазушыларынан аударған шығармалары туралы әңгімелеп, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі қазақ әдебиеті мен сонау хакім Абайдан бастау қазақ жазба әдебиеті хақында да сөз өрбітті.

Шара соңында Қ.Қазезұлы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті филология факультетінің белсенділік танытқан студенттеріне кітап тарту етіп, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында университеттің ғылыми кітапхана қорына бүгінгі заманымыздың көрнекті қаламгерлерінің жыр жинақтары мен әңгімелер топтамасын тапсырды.

Бөлісу