• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Біздің машықкерлер

2023-03-10 | Жаңалықтар

Шәкәрім университеті Филология факультетінің 4-курс студенті Байекенова Дильназ мемлекеттік іс-тәжірибесін қаламыздағы тарихы терең білім ордасы "Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясында" өтуде. Бүгінгі Хантәңірдің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Ақулар ұйықтағанда поэмасының тақырыбы ана махаббаты ма, табиғат мәселесі ме?" тақырыбында 10-сыныптар арасында пікірсайыс ұйымдастырды. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, поэмасы талқыланды.

Бөлісу